Право // 22.10.2021 // Автор: Асель Доскалиева

Жүкті әйелді жұмыстан шығару

Жүкті болсаңыз, сізді жұмыстан шығаруға бола ма, не үшін?

Жүкті әйелді штатты қысқарту және өндірісті қысқарту негізінде жұмыстан шығаруға заң жол бермейді. Тек осы негіздер бойынша жүкті әйелді жұмыстан шығара алмайды.

Ал басқа негіздермен шығара алады:

  • Компаниянын жабылуы
  • Жұмыс орнына сәйкес болмаса
  • Жұмысқа дәлелді себепсіз 3 сағаттан артық келмесе
  • Белгісіз себепсіз бір айдан астам жұмысқа келмесе
  • Және басқа негіздермен

Көріп отырғаныңыздай жүктілік - жұмысты сақтаудың кепілі емес.

Бірақ бұл сіз әлі декреттік демалысқа шықпаған болсаңыз ғана.

Жүкті әйелмен келісімшартты ұзарту туралы айтатын болсақ, егер сіздің еңбек келісімшартыңыздың мерзімі аяқталса және сіз 12 аптадан астам жүкті болсаңыз, сіз өтініш жаза аласыз және сіз бала күтімуне байланысты демалысыңыз аяқталған күнге дейін келісімшартты ұзартуға тиіс. 👀Тек уақытша болмаған жұмысшыны алмастырмасаңыз ғана.

Бірақ заң тек жүкті әйелдерге арналған бірқатар құқықтарды қарастырады, олар туралы келесі постта жазамын.





Последние статьи:
{{article.title}}

{{article.subject_name}} | {{formatDate(article.change_date)}}



Популярные авторы: