Право // 13.12.2021 // Автор: Асель Доскалиева

Мобильдік ақша аударымдар туралы жауаптар

Осы тақырыпта салық органдарының жауаптары жазылған хабарды арнайы тыңдап, олардың жауаптарына қысқаша шолу жасап отырмын.

  1. Кәсіпкер емес адамдардың аударымдары – 2025 жылға дейін реттелмейді.
  2. Жеке кәсіпкер болып жүрген адамдардың жеке аударымдары 2024 жылдан бастап реттеледі.
  3. Аударымдарды тексеру үшін қазір критерийлер әзірленуде, соған сәйкес адам 3 ай қатарынан 100 әртүрлі адамнан аударым алса – сәйкесінше оны тексереді. Бұл тек 2025 жылдан бастап болады.
  4. Егер сіз қандай да бір қызметпен айналысып, кіріс алсаңыз, сіз БЖТ (ЕСП) төлеушісі болуыңыз немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіңіз керек. Естеріңізге сала кетейін, барлығы БЖТ төлеуші ​​бола алмайды, олардың өзіндік критерийлері бар.
  5. БЖТ төлеушілер Каспий аударымдар арқылы төлем ала алады. Бірақ сіздің қызметіңіз шынымен БЖТ-ға сәйкес келуі және жылына кірістен (1175 АЕК) аспауы маңызды. Егер ол асып кетсе, ЖК ашу керек.
  6. Егер жеке кәсіпкер өзінің жеке Каспийға аударымды қабылдаған болса, кәсіпкер аударым табыс ретінде көрінуі үшін кассаға сол соманы түсіруі керек. Сонымен бірге, 2022 жылдан бастап мұндай аударымдар аударым емес, мобильді төлем ретінде қабылдануы керек.
  7. Егер сіз Каспий арқылы жалақы алсаңыз, бұл үшін сізге ештеңе төлеудің қажеті жоқ, өйткені бұл жалақы және сіздің компанияңыз барлық салықтар мен аударымдарды төлеп қойған.
  8. 2022 жылдан бастап E-Salyk мобильді қосымшасы шығады, ол касса сияқты жұмыс істейтін болдады, және онда салық төлеуге болады.
  9. Каспийге төлем қабылдайтын курьерлерді кәсіпкер деп санауы мүмкін, сондықтан бұлай жұмыс істемеу ұсынылады.

Жалпы, енді бұл өзгерістердің барлығы қазір тек Каспий аударымдарды қабылдап, оны табыс ретінде көрсетпейтін жеке кәсіпкерлерге ғана қатысты.





Последние статьи:
{{article.title}}

{{article.subject_name}} | {{formatDate(article.change_date)}}



Популярные авторы: