Право // 19.09.2021 // Автор: Асель Доскалиева
Қандай жәрдемақыларға онлайн тапсыруға болады
7 маусымнан бастап жаңа проактивті қызметтер көрсетіледі.
⠀
Барлығы қазақстандықтар үйден шықпай-ақ ала алатын 19 қызметтің тізімі:
⠀
- Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
- Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау
- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау
- Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындау
- Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою
- Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау
- Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау
- Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі
- Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау
- Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау
- Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау
- Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына арналған әлеуметтiк төлем тағайындау
- Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау
- Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етугеқұжаттарды ресімдеу
- Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу
- Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу
- Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу
- Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу
- Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу