Право // 04.10.2021 // Автор: Асель Доскалиева

Декреттік демалыста баланың әкесі

Тағы бір тұрақты сұрақ: әкесі анасының орнына декреттік демалысқа кете ала ма?

Естеріңізге сала кетейін, декреттік демалыстың 2 түрі бар:

  • жүктілік пен босануға арналған
  • 3 жасқа дейінгі баланы күту

Жүктілік пен босануға арналған демалысқа тек ана ғана шыға алады (өйткені ол босанады).

Бірақ отбасының кез-келген мүшесі, оның ішінде әкесі, 3 жасқа дейінгі балаға күтім жасау үшін демалыс ала алады.

Егер әке декреттік демалысқа шықса, ол анасы сияқты бәрін жасайды: өтінішпен және тиісті құжаттармен. Яғни, ресми түрде декреттік демалысына шығады.

💰 Егер әкенің жалақысы жоғары болса бұл пайдалы өйткені бір жылға дейінгі төлемдер сәйкесінше жоғары болады.

Естеріңізде болса, жұмыс берушіге бір ай бұрын ескерту арқылы кез-келген уақытта бала күтімі бойынша демалыстан шыға аласыз.

Ал егер сіз бір жылға дейін жұмысқа шықсаңыз - төлемдерден айырыласыз ба? Бұл туралы бөлек пост болады.





Последние статьи:
{{article.title}}

{{article.subject_name}} | {{formatDate(article.change_date)}}



Популярные авторы: