Алматы қаласының мемлекеттік балабақшасынан қалай орын алуға болады
Соңғы постта мен Алматыдағы мемлекеттік балабақшалардағы орындарды бөлудің басталғаны туралы жаздым.
Ал енді орын алу жүйесі туралы айтып жіберейн👇
Әр аймақтың осы кезектің қалыптасатын өз сайты бар, Алматыда - balabaqsha.bilimalmaty.kz. Ондағы кез-келген өтінімді беру үшін ЭЦП болу керек.
❗️Сіз не білуіңіз керек:
1. Кезек өтінімдер берілген күнмен қалыптасады және балалардың туған жылына байланысты бөлінеді, яғни жүйеде туылғаннан бастап 7 жасқа дейінгі кезектер болады. Қараша, желтоқсанда туылған балалар келесі жылы туылған балалар кезегінде тұрады.
⁉️ Орынды қалай алуға болады:
Балабақшалар бос орындары туралы ақпарат береді. Бұл орындарға бос орындар саны бойынша бірінші кезекте тұрғандар ала алады. Ал 3 күннен кейін бұл орындар кезекте тұрғандардың бәрі ада алады.
Сізге жолдама алғаннан кейін 5 күн ішінде балабақшаға баруыңыз керек, болмаса жолдаманың күші жойылады және бұл орын жүйеге қайтадан орналастырылады.
Орынды кез-келген уақытта «ұстап» алуға болады. Кезекте тұрғанымен автоматты түрде балабақшадан орын ала алмайсыз ❌
‼️ БІРАҚ МАМЫР АЙЫНДА ОРЫНДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІ БАСТАЛАДЫ, яғни топтар құрылып, көптеген балаларға орын беріледі. Сондықтан дәл осы уақытта небары бірнеше рет басу арқылы орын алуға тамаша мүмкіндік бар 😁
Егер сізге бұл сервисті түсініп орвн алуға қиын болса, мен өзімнің видео нұсқаулығымды ұсынамын, мұнда:
🎥 Мен сізге балабақшаға жолдама алуды онлайн-қызмет арқылы анықтап көрсетемін.
💰Құны небәрі 500 теңге
⏫ Профильде сілтемеде «Құжатты сатып алу» басу керек.